Алматыда сауда орталығында шулы видео түсірген пранкер қамауға алынды

Опубликовано:

Фото
Видеодан кадр: t.me/abdrakhmanovlive

Полиция әлеуметтік желіде жағымсыз пікір тудырған алматылық пранкерді ұстады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Facebook парақшасында хабарлады.

Соттың анықтауынша, азамат "Mega Center" сауда ойын-сауық орталығындағы фудкортта бола тұра үстелге шығып, үстіндегі киімін шешіп, қатты айқайлап, қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың тыныштығын бұзған.

Сот отырысы кезінде пранкер кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінген. Нәтижесінде сот азаматты Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, оған 10 тәулікке қамауға алу түріндегі жаза тағайындаған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сонымен қатар, Алматы ПД бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов өзінің Telegram каналында осы іске қатысты пікір білдірді.

Әбдірахмановтың сөзінше, 1991 жылы туған сотталушы Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Оның жеке-басын зерттеу кезінде пранкердің бұған дейін үш мәрте қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыдағы сауда ойын-сауық орталығы мен метрода пранк жасаған ер адам іздестіріліп жатқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953581-almatyda-sauly-ortalygynda-suly-video-tusirgen-pranker-qamauga-alyndy/

jitsu gif