Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көктайғақ, бұрқасын, тұман: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Қыс
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 қаңтарда түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың орталығында және шығысында көктайғақ, бұрқасын, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың орталығында және шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.

29 қаңтарда Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа жел ауысады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жезқазған қаласында күндіз 29 қаңтарда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

29 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі.

Түнде 29 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында тұман күтіледі.

Күндіз 29, тәулік бойы 30 қаңтарда Алматы облысының батысында, солтүстігінде және таулы, тау етегіндегі аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі. 29 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, Жаланашкөл аумағында екпіні 17-22 м/с.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953586-koktaigaq-burqasyn-tuman-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel