Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирусқа қарсы қанша адам егілді

Опубликовано:

Вакцина салу сәті
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанда қанша адам коронавирсқа қарсы вакцина салдырғаны белгілі болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін – 9 9 176 124 адам, 2-ші компонентін 8 745 143 адам салдырды

Тұрғындарды вакциналау қарқыны жоғары өңірлер: Түркістан облысы (толық егілді – 1 040 466 адам), Алматы қаласы (1 032 670), Шығыс Қазақстан облысы (904 469), Алматы облысы (863 186), Жамбыл облысы (594 633).

Ел астанасында коронавирусқа қарсы толық егілгендер саны – 453 861 адам.

Айта кетейік, өткен тәулікте коронавирус инфекциясы тағы 11,7 мың адамнан анықталды.

Сонымен қатар, бір тәулік ішінде елімізде 12,5 мың адам қауіпті дерттен емделіп шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953606-elimizde-koronavirusqa-qarsy-qansa-adam-egildi/

pixel