Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Ішкі істер министріне Үштөбедегі зиратты қиратқандарды жауапкершілікке тартуды тапсырды

Опубликовано:

Президент
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министріне Үштөбедегі зиратты қиратқандарды жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берді. Бұл туралы президент Twitter-дегі парақшасында жазды.

"Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа Үштөбе қаласындағы (Алматы облысы) православ зиратын қиратқан бұзақыларды заң жүзінде қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берілді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы Үштөбе қаласының тұрғындары биліктен зиратты қиратқан бұзақыларды тауып, жауапкершілікке тартуды сұраған болатын.

Полиция бұған қатысты пікір білдіріп, аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 294-бабы ("Вандализм") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, бұл іске қатысы барларды ұстау бойынша жедел іздестіру шарасы жүріп жатқанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953682-prezident-iski-ister-ministrine-ustobedegi-ziratty-qiratqandardy-zauapkersilikke-tartudy-tapsyrdy/

pixel