Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Бір облыс "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті

Опубликовано:

қызыл аймақ11
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Қызылорда облысы "қызыл" аймақтан "сары" аймақтта өтті, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы.

30 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

  • "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
  • "сары" аймақта Қызылорда облысы.
  • "жасыл" аймақта Түркістан облысы.

Айта кетейік, өткен тәуліктел елімізде 9 475 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған болатын. Олардың дені Алматы қаласынан.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 12 611 адам аурудан жазылып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953685-koronavirus-bir-oblys-qyzyl-aimaqtan-sary-aimaqqa-otti/

pixel