Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында ерлі-зайыптылар бір бірінің үстінен полицияға шағым түсірген

Опубликовано:

Ерлі-зайыпты
Көрнекі сурет: pixabay.com

Павлодар облысының Успен ауданында жанжалдасып қалған ерлі-зайыптылар бір бірінің үстінен полицияға арыз жазған. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

Құзырлы органның мәліметінше, жұмыс күнінен кейін ер адам үйге көңілсіз келген. Кенет жұбайлардың арасында кикілжің болып, олар бір біріне балағат сөздерді жаудырған.

Осыдан кейін ерлі-зайыптылардың екеуі де полицияға бір біріне шағымданып, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер туралы арыз жазған.

Полиция екі тараптың да шағымын тыңдап, ҚР ӘҚБтК 73-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың әрқайсысына қатысты ескерту жасаған.

Айта кету керек, жыл басына бері Павнлодар облысы Успен ауданының аумағында полицейлер отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекеттердің 4 фактісін тіркеген, барлық құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылған.

Облыс бойынша жыл басынан бері 30-ға жуық дерек тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953689-pavlodar-oblysynda-erli-zaiyptylar-bir-birinin-ustinen-policiyaga-sagym-tusirgen/

pixel