Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Елімізде төртінші күн қатарынан ауру жұқтырғандар саны азаюда

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Өткен тәулікте Қазақстанда 7 491 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram каналы.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1194
  • Алматы қаласы - 1556
  • Шымкент қаласы - 26
  • Ақмола облысы - 715
  • Ақтөбе облысы - 78
  • Алматы облысы - 305
  • Атырау облысы - 168
  • Шығыс Қазақстан облысы - 189
  • Жамбыл облысы - 103
  • Батыс Қазақстан облысы - 263
  • Қарағанды облысы - 954
  • Қостанай облысы - 586
  • Қызылорда облысы - 55
  • Маңғыстау облысы - 53
  • Павлодар облысы - 880
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 341
  • Түркістан облысы - 25.

Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны 1 233 488-ге жетіп отыр.

31 қаңтардағы мәлімет бойынша, елімізде 151 727 адам коронавирустан емделуде, оның ішінде 10 571 пациент стационарда, 141 156 науқас амбулаториялық ем қабылдап жатыр.

Жалпы, 406 адамның жағдайы ауыр, 164 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Тағы 88 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Айта кетейік, 29 қаңтарда 11 753 адамнан, 30 қаңтарда 9 475 адамнан коронавирус анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953743-elimizde-bir-taulikte-75-mynga-zuyq-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/

pixel