Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Шымкент "қызыл" аймақтан шықты

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Шымкент қаласы "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналында.

31 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

  • "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
  • "сары" аймақта Шымкент қаласы мен Қызылорда облысы;
  • "жасыл" аймақта Түркістан облысы тұр.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте елімізде 7 491 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған болатын.

Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны 1 233 488-ге жетіп отыр.

31 қаңтардағы мәлімет бойынша, елімізде 151 727 адам коронавирустан емделуде, оның ішінде 10 571 пациент стационарда, 141 156 науқас амбулаториялық ем қабылдап жатыр.

Жалпы, 406 адамның жағдайы ауыр, 164 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Тағы 88 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953754-koronavirus-symkent-qyzyl-aimaqtan-syqty/

pixel