Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен де адаммын": Сағынтаев өзінің отставкаға кетуін талап еткен петицияға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Бақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев. Кадр: YouTube/Baitassov Live

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желіде тараған өзінің отставкаға кетуін талап еткен петицияға қатысты ойын жеткізді. Әкім бұл туралы журналист Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында айтты.

Сағынтаевтың сөзінше, қалада орын алған жағдайдан кейін сынға ұшырайтынын жақсы білген.

"Мен сын болатынын білдім, бірақ басқа мәселелерді шешуім қажет болды. Барлығы аяқталған кезде сын да туындады, петиция да жасалды.

Бұл маған қалай әсер етті? Мен де адаммын ғой. Маған әрі қарай жұмыс істеу керек болды. Сондықтан өз жұмысымды жалғастырдым. Себебі, қаланы тез арада қалпына келтіріп, шығындарды өтеу керек, осының барлығын тез арада шешіп, жұмысты үйлестіру қажет. Не десек те, әр сынның өзіндік пайдасы да бар.

Қазір енді ренжу, ренжімеу туралы айту деген... Мен ол кезде тек өз міндетімді атқардым, маған жүктелген жауапкершілік жүгін түсініп, не істеу керектігін ұғындым", - дейді ол.

Айта кетейік, осы сұхбат барысында Алматы әкім тәртіпсіздік кезінде шерушілердің алдына неге шықпағанын түсіндірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953793-men-de-adammyn-sagyntaev-ozine-qarsy-uiymdastyrylgan-peticiya-turaly-pikir-bildirdi/

pixel