Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Эмоциямды ұстай алмадым": Шымкенттік шенеунік пен қарамағындағы қызметкер арасында жанжал шықты

Опубликовано:

Демеуғали Бақов
Демеуғали Бақов. Фото: Отырар телеарнасы

Шымкентте шенеунік қарамағындағы қызметкерге дене жарақатын салған. Әдеп кеңесінде шенеунікке қатысты тәртіптік іс қаралды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Асан Марасуловтың сөзінше, 2021 жылдың 9 тамызында Шымкент қаласының мәдениет басқармасында жанжал шыққан.

Жанжал кезінде Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар бөлімі басшысының орынбасары Демеуғали Бақов "Тарихи-мәдени кешен" мемлекеттік кәсіпорны директоры Саттар Мәжитовке жеңіл дене жарақатын салған.

8 қыркүйекте осы іс бойынша сот үкімі шығып, шенеунік кінәлі деп танылған. Сондай-ақ, ол 44 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелген.

Демеуғали Бақов шешіммен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген. Алайда сот 8 қыркүйектегі шешімді өзгеріссіз қалдырған.

"Ешкім ешкімді ұрған жоқ, мен аздап эмоциямды ұстай алмадым. Қиындықтар туындаған кезде арыз беруші ем қабылдауына байланысты демалысқа кетті. Менің мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілім 21 жыл. Осы уақытқа дейін ешқандай тәртіптік жауапқа тартылмағанмын. Мұндай жағдай енді қайталанбайды", - дейді Бақов.

Әдеп кодексін бұзған Демеуғали Бақовқа қатаң сөгіс жариялау ұсынылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953798-emociyamdy-ustai-almadym-symkenttik-seneunik-pen-qaramagyndagy-qyzmetker-arasynda-zanzal-syqty/

pixel