Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сенің бөлмең болсыншы": Көзі көрмейтін анасына жаңа үйін таныстырған 9 жасар бала елді тәнті етті (видео)

Опубликовано:

Оразымбет
Фото: Instagram/madiyar_serikbayev

Қарт әжесімен, көзі көрмейтін анасымен және екі мүгедек нағашысымен адам төзгісіз жағдайда тұратын 9 жасар Оразымбеттің оқиғасынан бүкіл халық хабардар. Жақында қайырымды жандар оқушының отбасына 5 бөлмелі үлкен үй сыйлады. Ал бұл күнді көптен күткен балақайдың қуанышында шек жоқ деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шымкенттен бес бөлмелі үйлі болған Оразымбеттің отбасында қоныс той өтті. Қала сыртында ауыр жағдайда тұрып келген балақай "Харекет" қайырымдылық қорынан көмек сұрап, күллі халықты елжіреткен болатын. Көп ұзамай қайырымды жандардың арқасында Оразымбетке бес бөлмелі үйдің кілті табысталды.

"Жетімді жебегеннің алдынан жеті пейіштің есігі ашылады. Тілектерің қабыл болсын", - деді Оразымбеттің нағашы әжесі.

Қуаныштан жүзі бал-бұл жанған Оразымбет кейін үйінің барлық бөлмесін анасына таныстырып шықты. Айта кетелік, балақайдың анасы жас кезіндегі шешек ауруынан кейін көрмей қалған.

Ол зағип анасының қолынан жетектеп, жаңа үйіндегі барлық бөлмелерді таныстырған. Анасының, өзінің бөлмесін көрсетіп, жатын бөлмедегі комодқа жайнамазды жинап қоятынын да айтады.

Сонымен қатар, Оразымбет үйдің сыртындағы кең аулаға қияр, қызанақ пен басқа да көкөністер және гүл егетінін айтты. Ол мұнда кең жерге мал бағуға болатынын да жасырмай, Пайғамбарлардың барлығы мал баққанын айтып өтеді. Желі қолданушылары балақайдың ақылы мен діни сауаттылығына да таң қалысты.

"Дұрыс тәрбие алған нағыз қазақтың қара домалақ баласы", "Қандай ақылды бала, айтқаның келсін", "Құдайын аузынан тастамайды", - деп көпшілік пікір қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953809-senin-bolmen-bolsynsy-kozi-kormeitin-anasyna-zana-uiin-tanystyrgan-9-zasar-bala-eldi-tanti-etti-video/

pixel