Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында жаңа мұнай шоғыры табылды

Опубликовано:

Мұнай
Көрнекі фото: "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ

Маңғыстау облысындағы Өзен кен орнынан жан-жақты барлау барысында жаңа мұнай шоғыры табылды. Осының нәтижесінде шығарылатын мұнай қорының өсімі 39,9 млн тоннаны құрап отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "ҚазМұнайГаз" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компания 2017 жылы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "Өзенмұнайгаз" АҚ, "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС және Ақтау қаласындағы "ҚМГ Инжиниринг" филиалының геологтар тобы Өзен кен орнын жеті барлау бағдарламасын қолға алғанын атап өтті.

2017-2021 жылдары жоғары көрсеткішті сейсмобарлау 3D түсірілімі (368 шаршы шақырым) жүргізіліп, барлық ұңғыма қорына қайта талдау жасалған (7500-ден астам).

Геологиялық тұжырымдамасы да қайта қаралып, геологиялық 3D-үлгісі қайта құрастырылған.

"Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде кен орнының құрылымы нақтыланды және жаңа мұнай шоғыры табылды. Атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша Өзен кен орнының мұнай қоры 8 пайызға ұлғайды, бұл өз кезегінде шығарылатын қордың 39,9 млн тоннасын құрап отыр", - дейді "ҚазМұнайГаз" баспасөз қызметі.

Қазақстанның пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссиясы көмірсутектің нақтыланған көлемін 2021 жылдың соңында балансына қабылдаған.

Қазіргі уақытта жаңа қорды есепке алу және оларды өндіруді жоспарлау мақсатында кен орынды игеру жобасына түзету енгізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953811-mangystau-oblysynda-zana-munai-sogyry-tabyldy/

pixel