Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"28 градусқа дейін аяз": Ақпан айының басында елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Қар
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер елімізде 1-3 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронтальді бөліктердің әсерінен алдағы күндері солтүстік, шығыс өңірлерде қар жауады.

Еліміздің батыс өңірлерінде жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін.

Одан бөлек, республика бойынша тұман түсіп, жел күшеюі ықтимал.

Қазақстанның шығысы мен орталығында түнде және таңертең 15-28 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде.

Десе де, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді дейді синоптиктер.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары 31 қаңтарда еліміздің 9 облысында ауа райына байланысты дауылдық ескерту жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953817-28-gradusqa-deiin-ayaz-aqpan-aiynyn-basynda-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel