Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында шаруа қожалығында өрт болып, мыңнан астам қой қырылып қалды

Опубликовано:

Өрт
Оқиға орны. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Алғабас ауылынан 5 шақырым жердегі шаруа қожалығынан өрт шығып, салдарынан мыңнан астам қой қырылған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, 31 қаңтарда сағат 7.15-те өрт сөндірушілерге шаруа қожалығындағы екі қабатты нысанның өртенгені туралы ақпарат түскен.

Оның бірінші қабатында мал, ал екінші қабатында шөп тұрған.

Шаруа қожалығы мен жақын жердегі өрт сөндіру бөлімі арасындағы қашықтық 40 шақырым болған. Осылайша, өрт сөндірушілер оқиға орнына 40 минутта жеткен.

Тілсіз жау салдарынан 1 150 бас қой қырылып, 150 тонна шөп жанып кеткен. Оқиға орнынан қойшының денесі табылған.

Өрт
Оқиға орны. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Өрт сағат 9.37-де ауыздықталып, сағат 10.23-те толықтай сөндірілген.

Өртті сөндіруге Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 15 өрт сөндірушісі мен 4 техникасы жұмылдырылған.

Сондай-ақ, ТЖМ азаматтарға өрт қауіпсіздік қағидаларын сақтау қажеттігін еске салды.

Өрт
Оқиға орны. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1953826-turkistan-oblysynda-sarua-qozalygynda-ort-bolyp-mynnan-astam-qoi-qyrylyp-qaldy/

pixel