Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұз айдынында коньки теуіп жүрген қарағандылық әжей елді таңғалдырды

Опубликовано:

әжей
Видеодан кадр: "Вечерняя Караганда" Telegram арнасы

Аяғына коньки байлап, мұз айдынында сырғанауға талпынып жүрген қарт әжей елдің сүйіспеншілігіне ие болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Егде тартқан әйел құлап қалмас үшін таяққа, мұз айдынының қоршауына сүйенген.

Аталған бейнеролик "Вечерняя Караганда" Telegram-арнасында пайда болды. Автордың жазуынша, бұл Қарағандының орталық саябағында түсірілген видео.

Желі қолданушыларының бір бөлігі видео кейіпкерінің батылдығына таңдай қақты.

Көпшілігі зейнеткердің өмірге құштарлығын жоғары бағалап, қолдау білдіруде.

"Батылдық, ерлік", "Жарайсыз! Бұл әжейдің парашютпен секіргенін де естідік", - деп жазды қарт кісінің іс-әрекетіне сүйсінгендер.

Ал басқа желі қолданушылары мұндай жаста конькимен сырғанаудың аса қауіпті екенін ескертіп, абай болуға шақырған.

"Сүйсінетін жағдай емес. Құлап қалса, жамбасын сындырып, өмір бойы зардабын тартуы мүмкін. Саябақта жай ғана серуендеудің өзі денсаулыққа пайдалы", "Әжеміз жас кезін есіне алғысы келген ғой. Коньки байлап берген адам оның салдарын ойламаған сияқты", деп жазуда әжейге жаны ашыған желі қолданушылары.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын біз Астанада салауатты өмір салтын ұстанатын 74 жастағы зейнеткер туралы жазған болатынбыз. Күнделікті ауладағы спорт алаңқайына барып жаттығатын егде жастағы әйелің ширақ қимылы көпке үлгі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953832-muz-aidynynda-konki-teuip-zurgen-qaragandylyq-azei-eldi-tangaldyrdy-video/

pixel