Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғаларынан кейін көшелер мен қоғамдық орындарды полиция қадағалайды

Опубликовано:

Алматы шеру
Иллюстративное фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

19 қаңтарда төтенше жағдай режимі жойылғаннан бастап еліміздің барлық өңірінде "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейін Ішкі істер министрлігі құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп жұмыс істеді және елдегі жағдай тұрақтанды. Сонымен бірге, төтенше жағдай режимі жойылғаннан кейін, 19 қаңтардан бастап еліміздің барлық өңірлерінде "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр. Оның мақсаты – елдегі жағдайды қалпына келтіру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және төтенше жағдай салдарын жою бойынша шаралар қабылдау. Ішкі істер органдарының жеке құрамы қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді", - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Бағланбек Айтпаев министрлікте өткен брифингте.

Спикердің айтуынша, қоғамдық орындар мен көшелерді және халық көп жиналатын орындарды патрульдеу күшейтілді.

Аулаларды аралау, жалдамалы, иесіз қалған үйлерді, саяжай мен өзге де нысандар жіті тексеріледі.

"Аралау кезінде дүкендерден ұрланған қаруды, оқ-дәрілер мен басқа да заттарды тәркілеуге және көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азаматтарды табуға ерекше назар аударылады", - деп түсіндірді Б. Айтпаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953851-qantar-oqigalarynan-keiin-koseler-men-qogamdyq-oryndardy-policiya-qadagalaidy/

pixel