Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, бес адам қаза тапты

Опубликовано:

Көлік
Фото: Polisia.kz

Самара-Шымкент автожолында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, оқиға орнында бес адам көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

30 қаңтарда сағат 19:20 шамасында Mercedes-Actros жүк көлігінің жүргізушісі - Өзбекстан Республикасының азаматы Хромтау қаласы жағынан Ақтөбе қаласына қарай барар жолда апатқа ұшыраған.

Ол Самара-Шымкент автожолының 779 шақырымында Өлке кентінің жанында жолдың тайғақ учаскесіндегі метеорологиялық жағдайды ескермей, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, 34 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Toyota Camry-55 көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry-55 автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша СДТБТ-де тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1953872-aqtobe-oblysynda-zuk-koligi-men-zenil-kolik-soqtygysyp-bes-adam-qaza-tapty/

pixel