Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында заңсыз қару алып жүрген азамат ұсталды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қызылорда облысында заңсыз қару алып жүрген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жұмыс барысында 35 жастағы ауыл тұрғынынан заңды түрде тіркелмеген 16-калибрлі, екі ұңғылы аңшы мылтығын анықтады.

Анықталған дерек бойынша әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 482-бабының 1-бөлігімен ("Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау") хаттама толтырылған.

Полиция оны сотқа жолдағанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953892-qyzylorda-oblysynda-zansyz-qaru-alyp-zurgen-azamat-ustaldy/

pixel