Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ер адам үйінен шығып, ұшты-күйлі жоғалып кетті

Опубликовано:

Сабыр Досымов
Фото: Жеке мұрағаттан

Алматыдағы Түркісіб ауданының тұрғыны 12 қаңтар күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Қазір оны туыстары мен полицейлер, еріктілер іздеп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сабыр Досымов 1955 жылы дүниеге келген. Ол 12 қаңтар күні Щербаков көшесінде орналасқан үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен.

Оны табу әлі де мүмкін болмай жатыр. Қала тұрғыны қара түсті былғары күртеше, қою көк түсті джинсы, аяғына галош киген.

Жоғалған азаматтың денсаулығында кінәрат бар деген ақпарат та айтылуда.

Алматы полиция департаменті ер адамның жоғалғанын растады.

Қазір оны іздеу жұмыстарымен іздеу бөлімінің қыметкерлері, ауданның учаскелік инспекторлары айналысып жатыр.

Сабыр Досымовтың мекенжайынан хабардар адамдар болса, +7 707 322 52 20, +7 747 149 69 20, +7 702 712 7922 немесе 102 нөміріне хабарласа алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1953895-almatyda-er-adam-uiinen-sygyp-usty-kuili-zogalyp-ketti/

pixel