Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бес облыстың тұрғындарын сан соқтырған алаяқ әйел ұсталды

Опубликовано:

алаяқ әйел
Көрнекі фото: polisia.kz

Түркістан полицейлері бес облыстың тұрғындарын алдап кетті деген күдікпен 30 жастағы әйелді ұстады. Жәбірленушілердің сөзінше, ол халықтың ақшасын еселеп беруге сөз беріп, кейін қайтармай қойған, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғанын айтып арызданған.

Ол өз шағымында танымайтын әйел WhatsApp арқылы "Криптовалюта" атты топ құрып, "ақшаңды еселеп беремін" деп алып, қайта қайтармай қойғанын жеткізеді.

Алаяқ жәбірленушіден бас-аяғы 200 мың теңгеге жуық ақша алған.

Аталған жайтты полицейлер Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеп, жедел жұмыстарды жүргізді: әлеуметтік желілердегі жалған жарнамалар мен банктік есепшоттарды тексерді.

Жәбірленушіден жауап алу арқылы алаяқтың әрбір ісіне болжам жасап, анықтау жұмыстарын күшейтті.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде күдікті әйел тәулік ішінде анықталды. Ол 30 жастағы Түркістан қаласының тұрғыны болып шықты.

Тексеру жұмыстары кезінде алаяқ әйелдің бұдан бөлек 17 тұрғынды осындай жолмен алдап, ақшаларын алғаны анықталды.

Әйелдің құрбандары – Түркістан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының тұрғындары. Олар алаяқтың жалған сөзіне сеніп, бірнеше рет 5 000 – 200 000 теңге аралығындағы ақшаларын аударып отырған.

Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі – 2 миллионнан асады. Қазіргі уақытта күдікті әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954015-bes-oblystyn-turgyndaryn-san-soqtyrgan-alayaq-aiel-ustaldy/

pixel