Науқас ауруханада қайтыс болған жағдайда туыстары бейнежазбаны алуға құқылы

Опубликовано:

науқас
Көрнекі фото: Pixabay.com

Науқас ауруханада қайтыс болған жағдайда туыстары бейнежазбаны алуға құқылы. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы бұйрығында айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай түзету "Пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеу аспаптарын, фото-бейнеаппаратураларды қолдану қағидаларының" 3-тармағында қарастырылған.

Науқас қайтыс болған жағдайда техникалық құралдар арқылы жасалған жазбалар өтініш негізінде балаларына және жұбайына беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954029-nauqas-auruxanada-qaitys-bolgan-zagdaida-tuystary-beinezazbany-aluga-quqyly/

jitsu gif