Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жолаушылар автобусы минивэнмен соқтығысып қалды

Опубликовано:

Автобус
Фото: Sputnik Қазақстан

Бүгін, 1 ақпан күні Алматыда жолаушылар автобусы шағын автобуспен соқтығысты. Салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі ауыр жарақат алған.

Sputnik Қазақстан дерегінше, жол апаты Жансүгіров пен Жұмабаев көшесінің қиылысында болған.

Куәгерлердің сөзінше, Nissan Largo Жансүгіров көшесінің бойымен келе жатқанда оған жолаушылар автобусы соқтығысқан.

Басылым жол-көлік ережесін қоғамдық көліктің жүргізушісі бұзғанын хабарлап отыр.

Ол бағдаршамның тыйым салынған дабылында қиылысқа жүріп кетіп, Nissan автобусының алдыңғы бөлігін түгелімен қиратқан.

Жеңіл көлік жүргізушісі ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Автобус жолаушылары жол апатынан зардап шеккен жоқ. Оқиғаның мән-жайын жол полицейлері анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1954038-almatyda-zolausylar-avtobusy-minivenmen-soqtygysyp-qaldy/

pixel