Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады
Опубликовано:

Синоптиктер 2 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, 2 ақпанда Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түсуі ықтимал.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында да тұман түсуі мүмкін.
Сонымен қатар, Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман күтіледі.
Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер елімізде 1-3 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын болжаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954098-sinoptikter-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalady/