Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы тағайындалды

Опубликовано:

Аслан Тукиев
Аслан Тукиев. Фото: sud.gov.kz

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 31 қаңтардағы жарлығына сәйкес Аслан Тукиев Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның ресми сайты.

Аслан Тукиев 1979 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

2000 жылы ІІМ Қарағанды заң институтын және 2004 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Сондай-ақ, Түркияда, Германияда, Франция мен Латвияда ғылыми тағылымдамадан өткен. Заң ғылымдарының кандидаты, доцент.

  • Қарағанды қаласының ІІБ полициясының учаскелік инспекторы және тергеушісі;
  • ІІМ Қарағанды заң институтының қылмыстық процесс кафедрасының оқытушысы, Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының Әкімшілік қызмет мәселелерін зерттеу орталығының басшысы;
  • 2012 жылы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы директорының орынбасары;
  • 2012-2014 жылдары Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің директоры;
  • 2014-2016 жылдары "Қазақстан құрылысшылары қауымдастығы" ЗТБ атқарушы директоры;
  • 2016-2018 жылдары Заңнама институтының директоры;
  • 2019-2020 жылдары Жоғарғы соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.
  • 2020 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Жоғарғы соттың судьясы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954101-zogargy-sottyn-akimsilik-ister-zonindegi-sot-alqasynyn-toragasy-tagaiyndaldy/

pixel