Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутаттардың, министрлер мен әкімдердің жалақысын көтеруге мараторий жариялау: Үкімет қаулы қабылдады

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, 1 ақпанда премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында "Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" қаулыға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Құжат жекешелендіруге жататын мемлекеттік активтерді іріктеу критерийлерін бекітуді көздейді.

Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның жекешелендіру туралы шешімдері мемлекеттік мүлік тізілімінің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің веб-порталдарында жариялауға жатады.

"Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында "Парламент депутаттарына, үкімет мүшелеріне және барлық деңгейдегі әкімдерге еңбекақыны көтеруге мораторий енгізу туралы" қаулы қабылданды", - делінген үкімет хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін президент әкімдер мен депутаттардың, үкімет мүшелерінің жалақысын көтеруге бес жылдық мораторий жариялаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1954104-deputattardyn-ministrler-men-akimderdin-zalaqysyn-koteruge-maratorii-zariyalau-ukimet-qauly-qabyldady/

pixel