Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдік университеттердің филиалдары еліміздің қай қаласында ашылады

Опубликовано:

ЖОО
Көрнекі фото: pexels.com

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов беделді шетелдік жоғары оқу орындарының филиалы қай өңірлерде ашылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылымның жазуынша, министр президенттің тапсырмасымен Қазақстанда беделді шетелдік университеттердің 5 филиалы ашылатынын мәлімдеген.

Қазіргі таңда Алматыда Де Монтфорт Лестер Ұлыбритания университетінің филиалы жұмыс істей бастаған. Ал Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Аризона университетіне сенімгерлік басқаруға берілген.

"Сонымен қатар, Ресейдің үздік техникалық жоғары оқу орындарының филиалын ашу бойынша келіссөздер басталды. Тағы да бір британдық университеттің филиалын ашу бойынша келіссөз жүріп жатыр", - дейді Аймағамбетов.

Бұған қоса, министр республиканың батысында екі жетекші шетелдік техникалық университеттің филиалдары ашылатынын атап өтті. Олар Атырау және Ақтау қалалары.

Сондай-ақ, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында да шетелдік университеттердің филиалы ашылмақ. Бірақ нақты қай жоғары оқу орындарының филиалы екені әзірге белгісіз.

Еске сала кетсек, бұған дейін Асхат Аймағамбетов халықаралық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына грантқа түсе алатынын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954107-seteldik-universitetterdin-filialdary-elimizdin-qai-qalasynda-asylady/

pixel