Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйінен сабаққа шығып, оралмаған: Қызылордада жоғалған 16 жасар қыз елордадан табылды

Опубликовано:

жеткіншектер
Көрнекі фото: ru.freepik.com

Өткен жылдың желтоқсан айында Қызылорда қаласында үйінен сабаққа шығып, жоғалып кеткені туралы хабар тараған 16 жастағы қыз Нұр-Сұлтаннан тарады деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласының тұрғыны 16 жастағы қызының үйінен сабаққа шығып кетіп, қайта оралмағаны жөнінде арызданған.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы дереу жедел-іздестіру шараларын бастайды.

Күні-түні жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, ювеналды полицейлер жоғалушының 21 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында жүргенін анықтап, әріптестердің көмегімен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырған.

Сондай-ақ, 26 қаңтар күні сағат 14:00 шамасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының 102 арнасына Қызылорда қаласының тұрғыны алты жастағы ұлы өзінің тұрғылықты мекенжайынан қарама-қарсы дүкенге шығып, қайта оралмағандығы жөнінде хабарлаған.

Дереу іздестіру жұмыстарына кіріскен полицейлер кішкентай баланы көрші үйдің ауласынан тапқан.

"Облыс бойынша өткен жылы кәмелетке толмағандар арасында хабар-ошарсыз кетудің 84 дерегі тіркеліп, олардың барлығы ата-аналарына аман-есен тапсырылды. Осыған орай, полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларына деген бақылауды және жауапкершілікті күшейтіп, қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын арттыру қажеттігін қатаң ескертеміз", – деп атап өтті Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954111-uiinen-sabaqqa-sygyp-oralmagan-qyzylordada-zogalgan-16-zasar-qyz-elordadan-tabyldy/

pixel