Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бір өңірінде карантиндік шаралар жеңілдетіледі

Опубликовано:

қаулы
Көрнекі фото: azattyq-ruhy.kz

Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақта тұрғн жалғыз өңір - Түркістан облысында карантиндік талаптар жеңілдетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысында соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 17 жағдайы тіркелді. Өңір эпидемологиялық бағалау матрицасы бойынша жасыл аймақта болғандықтан әлеуметтік-экономикалық нысандар шектеусіз жұмыс істейді.

Бұл туралы бүгінгі брифингте Түркістан облысының Бас санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді.

"Қазіргі таңда эпид ахуал құбылмалы. Карантиндік шектеу шаралары алынғанымен кәсіпкерлер тарапынан санитариялық талаптарды сақтау күн тәртібінен түскен жоқ. Облысқа көрші өңірлер "қызыл", "сары" деңгейде болғандықтан азаматтарды карантин режимдерін сақтауға шақырамыз", - деді Нұрбек Садықбекұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954116-elimizdin-bir-onirinde-karantindik-saralar-zenildetiledi/

pixel