Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы бүлік кезінде қару ұрлады деген күдікті елордада ұсталды

Опубликовано:

қару ұрлаған күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысының 40 жастағы тумасы Алматыдағы аңшылық дүкенінен қару ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні күдікті серіктестерімен бірге аңшылық дүкенге кіріп, мүлік пен қару ұрлаған.

20 қаңтар күні қылмыстық қудалаудан жасырынып, елордаға пойызбен келеді. Осы уақыт аралығында күдікті жұмысқа орналасып, жатақханадан бөлме жалдап үлгерген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні тұрғылықты жері бойынша ұстады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұсталған азамат Алматы қаласы ПД полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954121-almatydagy-bulik-kezinde-qaru-urlady-degen-kudikti-elordada-ustaldy/