Коронавирус: Тағы бір облыс "қызыл" аймақтан шықты
Опубликовано:

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Маңғыстау облысы "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналында.
2 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:
- "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды,Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
- "сары" аймақта Шымкент қаласы, Қызылорда, Маңғыстау облыстары;
- "жасыл" аймақта Түркістан облысы тұр.
Еске сала кетсек, өткен тәулікте елімізде 7149 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.
Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны 1 246 103-ке жетіп отыр.
2 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір елімізде 135 590 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 10 283 пациент стационарда, 125 307 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Жалпы, 446 адамның жағдайы ауыр, 168 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 84 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954148-koronavirus-tagy-bir-oblys-qyzyl-aimaqtan-syqty/