Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"30 градусқа дейін аяз": Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Құс
Көрнекі фото: Pexels

Синоптиктер 3-5 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

5 ақпанда еліміздің батысында ауа райы жауын-шашынды болып, жел соғады. Сондай-ақ, көктайғақ болуы мүмкін.

Сонымен қатар, республика бойынша тұман түседі деп болжануда.

Еліміздің шығысында, солтүстік-шығысында және орталығында түнде және таңертең 20-30 градусқа дейін аяз сақталады.

Дегенмен, синоптиктердің дерегінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары 2 ақпанда еліміздің 4 облысында ауа райына байланысты дауылдық ескерту жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954205-30-gradusqa-deiin-ayaz-aldagy-us-kunde-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel