Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда кейбір нысандардағы құрылыс жұмыстарын тоқтату туралы шешім қабылданды

Опубликовано:

Құрылыс
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы кейбір нысандардағы құрылыс жұмыстарын тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ведомствоның Facebook парақшасында хабарланды.

Алматы қаласының әкімдігі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 29 қазандағы тапсырмасына сәйкес, қаладағы жер телімдерінде құрылыс жүргізуге тыйым бар екенін еске салды.

Осы ретте, ведомство қолданыстағы заңнама мен мемлекет басшысының тапсырмасын бұзып жатқан заңсыз әрекеттер анықталғанын мәлімдеді.

"Осыған байланысты қала әкімі Ерболат Досаев барлық мән-жай анықталғанға дейін белгілі нысандарда (19 учаске), оның ішінде Самал-3 шағын ауданы мен Достық, 125 учаскелері орналасқан аумақта жүріп жатқан жұмыстарды тоқтату туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда Абай даңғылынан жоғары салынатын ғимараттардың биіктігіне, қабат санына шектеу қойылатынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954220-almatyda-keibir-keibir-nysandardagy-qurylys-zumystaryn-toqtatu-turaly-sesim-qabyldandy/

pixel