Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан қаласында жеңіл көлік аударылып, апатқа ұшырады

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: pexels.com

2 ақпан күні таңертең Нұр-Сұлтанда автокөлік өртеніп кетті. Оның салоны мен қозғалтқыш бөлігі жанған.

2 ақпан күні сағат таңғы 8 шамасында елордалық полицейлерге өртенген автокөлік туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Нұр-Сұлтан ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәлірек айтқанда, Иманов пен Жұбанов көшелерінің қиылысында Mazda 626 маркалы жеңіл автокөлік өртенген. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 07:57-де аттанған. ТЖД қызметкерлері өрт автокөлік салоны мен қозғалтқыш бөлігін қамтығанын растады.

Жалын сағат 08:05-те сөндірілді. Оқиғадан зардап шеккендер, қаза тапқандар да жоқ. Өрт сөндіру жұмыстарына жеке құрамнан бес адам, бір техника бірлігі жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1954263-nur-sultan-qalasynda-zenil-kolik-audarylyp-apatqa-usyrady/

pixel