Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаппай тәртіпсіздіктен соң ұсталған азамат азапталды ма: Бас прокуратура жауап берді

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Әлеуметтік желілерде жаппай тәртіпсіздіктен кейін полиция қызметкерлері Азамат Батырбаевты ұрып-соққаны туралы ақпарат тарап жатыр. Бас прокуратура аталған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерінің А.Б. Батырбаевты ұрып-соғу фактісі туралы ақпарат таралуда. Аталған тұлға Талдықорған қаласында болған тәртіпсіздіктер кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін 2022 жылғы 22 қаңтарында ұсталғанын хабарлаймыз.

23 қаңтарда жауап алу кезінде, ол 10 қаңтарда ішкі істер органдарының қызметкерлері оған дене жарақатын келтіргені туралы айтқан.

Батырбаевтың бұл арызының негізінде Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде",- деді Бас прокуратурада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954287-almatyda-zappai-tartipsizdikten-son-ustalgan-azamat-azaptaldy-ma-bas-prokuratura-zauap-berdi/

pixel