"Үйімде табытым да бар": Қостанай облысының тұрғыны өз зиратын алдын ала дайындап қойған

Опубликовано:

1
Фото: NUR.KZ

Қостанай облыы Ұзынкөл ауданының тұрғыны өзіне зират дайындап қойған. Николай Килимеченко өз зиратын жазда баптап, қыста қардан тазалайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мрамордан жасалған тақтайда оның суреті қойылып, ер адамның аты-жөні жазылған.

"Зиратқа арналған орынды 2016 жылы сатып алғанмын. Өзім қоршау жасатып, мрамордан тақтай салдым, бәрін орнаттым. Үйімде табытым да бар. Басқаша қалай? Кейін адамдарға артық мәселе туындатпас үшін өзім дайындап қояйын.

Мұны өзім ойлап тапқан жоқпын. Бір жерден оқығанмын, кей халықта осындай ғұрып бар. Тірі кезіңде қабірдегі өмірге дайындалу қажет", -деді Николай Александр Александрович.

Ол 1941 жылы дүниеге келген. Қазан айында қария 81 жасқа келеді. Қазақстанға Ресейден 40 жыл бұрын көшіп келген. Ұзынкөл ауданында түрлі кәсіпорында жұмыс істеген. Зейнеткердің 18 жастағы ұлы бар.

"Ол есеңгіреп қалады. Сондықтан, өзімнің жерлеу рәсімімді жеңілдеткім келді",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954303-uiimde-tabytym-da-bar-qostanai-oblysynyn-turgyny-oz-ziratyn-aldyn-ala-daiyndap-qoigan/