Алматыдағы дүрбелең кезінде "дүкен тонады" деген күдікпен үш жігіт ұсталды
Опубликовано:

Алматы облысында полиция қызметкерлері қаңтар айының басындағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде "Молл Апорт" сауда үйінің дүкенін тонады деген күдікпен 3 ер адамды қолға түсірді.
Polisia мәліметінше, қолға түскендер ұялы телефондар ұрлады деп күдікке ілінген.
Олардың жасы 21-де. Алматы облысының тұрғындары.
Белгілі болғандай, зардап шегуші он алты ұялы телефоны ұрланғанын жеткізген.
"Қолға түскендерге қатысты қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі бойынша іс жүргізу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жариялануға жатпайды", - деді Алматы облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Данияр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954326-almatydagy-durbelen-kezinde-duken-tonady-degen-kudikpen-us-zigit-ustaldy/