Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Францияда көшеде маска тағу режимі алынып тасталды

Опубликовано:

Франция астанасы
Фото: pixabay.com

Франция премьер-министрі Жан Кастекс 2 ақпаннан бастап көшеде міндетті түрде маска тағып жүру талабы алынып тасталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Le Figaro.

Басылым мәліметінше, стадиондарға, концерт залдарына және басқа да мекемелерге келушілер санына қойылған шектеулер де алынған.

Сонымен қатар, компаниялар қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге жібермеуі мүмкін.

Францияда 16 ақпаннан бастап түнгі клубтар, стадиондар, қоғамдық көліктер мен кинотеатрлар қалыпты жағдайда жұмыс істейді деп күтілуде.

Францияның денсаулық сақтау министрлігінің 1 ақпандағы мәліметіне сәйкес, елде бір тәулікте 416 896 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954343-franciyada-kosede-maska-tagu-rezimi-alynyp-tastaldy/

pixel