Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдегі эпидахуал: Қазақстанның неше өңірі "қызыл" аймақта

Опубликовано:

Фото
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

2022 жылғы 3 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

  • Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта орналасқан.
  • "Сары" аймақта Шымкент қаласы, Қызылорда, Маңғыстау облыстары тұр.
  • Түркістан облысы "жасыл" аймақта.

Айта кетейік, 2 ақпанда Қазақстанда 7656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың дені Қарағанды облысы мен Алматы қаласынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954349-eldegi-epidemiyalyq-axual-qazaqstannyn-nese-oniri-qyzyl-aimaqta/

pixel