Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда мас тұрғын адам өлтіргені туралы жалған хабар берген

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: piqsels.com

Атырауда мас тұрғын өзі адам өлтіргені туралы полицияға жалған хабар берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық полиция басқармасына 1 ақпан күні, сағат 12:18 шамасында ер адамнан хабар түскен.

"Аталған деректі тексеру кезінде 1989 жылы туған жігіттің полицияға жалған хабар бергені анықталды. Наркологиялық сараптаманың қорытындысымен ер адамның орта дәрежедегі мас күйде болғаны дәлелденді. Ол ішімдік ішкендіктен осындай әрекетке барғанын айтып, кінәсін мойындады", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

33 жастағы ер адамға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 438-бабы 1-бөлігі бойынша (Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру) әкімшілік хаттама толтырылды.

Оған 91 890 теңге көлемінде айыппұл салынды.

"Өткен жылы полиция қызметкерлеріне жалған хабар берген 60-қа жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал биылғы жыл басынан бері 3 адамның осындай жалған ақпарат бергені анықталды", - деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954361-atyrauda-mas-turgyn-adam-oltirgeni-turaly-zalgan-xabar-bergen/

pixel