Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 434 адамның жағдайы ауыр

Опубликовано:

Палатадағы төсек-орын
Көрнекі фото: Antonio Masiello/Getty Images

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты соңғы статистикалық мәліметтерді жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

3 ақпандағы мәлімет бойынша 126 829 адам коронавирус инфекциясынан (125 631 КВИ+ және 1 198 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде:

  • 10 192 пациент стационарда,
  • 116 637 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 434 адамның жағдайы ауыр, 174 пациенттің жағдайы өте ауыр, 84 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда тағы 7656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталғаны туралы хабарлаған едік. Олардың дені Қарағанды облысы мен Алматы қаласынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954364-qazaqstanda-koronavirustan-emdelip-zatqan-434-adamnyn-zagdaiy-auyr/

pixel