Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәліптерге ойын-сауық саябақтарына қару алып келуге тыйым салынды

Опубликовано:

1
Фото: MARCUS YAM / LOS ANGELES TIMES / GETTY IMAGES

Ауғанстан ақпарат министрінің орынбасары Забихулла Муджахид "Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қозғалысының мүшелеріне ойын-сауық саябақтарына әскери формада қарумен келуге тыйым салынды.

Муджахид өз Twitter парақшасында тәліптерге демалыс орындарына әскери көлікте келуге тыйым салынғанын да жазды.

"Ислам Әмірлігінің мужахидтеріне ойын-сауық саябақтарына қару-жарақ, әскери киім және көлік құралдарымен кіруге рұқсат етілмейді. Олар ойын – сауық саябақтарының барлық ережелері мен нұсқаулықтарын сақтауға міндетті", - делінген хабарламада.

DW мәліметінше, билік бұл шешімге желіде аттракционда отырған тәліптердің фотосы мен видеосы тараған соң келген.

Әлеуметтік желідегі жұрт тәліптер саябаққа балалармен келген бейбіт тұрғындарды үрейлендіруі мүмкін деген пікір қалдырған.

Ал осыған дейін тәліптер көлікке әуен қосып, хиджабсыз әйелдерді тасуға тыйым салып еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954374-talipterge-oiyn-sauyq-sayabaqtaryna-qaru-alyp-keluge-tyiym-salyndy/

pixel