Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатерлі індет: Коронавирустан бір күнде 20-дан астам адам қайтыс болды

Опубликовано:

Палатадағы төсек-орын
Көрнекі фото: Antonio Masiello/Getty Images

Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 және пневмония салдарынан болған өлім-жітім статистикасын жариялады.

2 ақпандағы мәліметке сәйкес, коронавирус 23 қазақстандықтың өмірін қиған: 17-сі COVID-19-дан және алтауы коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмғаны белгілі болды.

3 ақпандағы жағдай бойынша 126 829 адам коронавирус инфекциясынан емделуді жалғастыруда.

Стационарларда 10 192 науқас жатыр, амбулаторлық деңгейде (үйде) 116 637 науқас емделуде.

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар мен пневмониямен ауырғандардың арасында 434 науқастың жағдайы ауыр, 174 науқастың жағдайы өте ауыр, 84-і жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1954395-qaterli-indet-bir-kunde-koronavirustan-20-dan-astam-adam-qaitys-boldy/

pixel