Тәртіпсіздіктерден зардап шеккен кәсіпкерлер мемлекет мүлкін жалға алу ақысын төлеуден босатылды

Опубликовано:

Алматыдағы тәртіпсіздіктер
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға беру қағидаларына өзгерістер енгізілді. Ұлттық экономика министрінің тиісті бұйрығы НҚА Эталондық бақылау банкінде жарияланды.

Жаңа редакцияға сәйкес, енді жаппай тәртіпсіздіктен зардап шеккен жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардан 2022 жылғы 5 қаңтардан 30 маусымға дейін жылжымайтын мүлік объектісін жалға алғаны үшін жалдау ақысы алынбайды.

Құжатта мүлікті жалға алғаны үшін жалдау ақысынан босату негізгі шартқа қосымша келісім жасау арқылы жүзеге асырылатыны көрсетілген.

Бұйрық 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Еске сала кетсек, бұған дейін тәртіпсіздіктерден зардап шеккен қазақстандықтар мен кәсіпкерлердің несие төлеу мерзімі 3 ай кейінге шегерілгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954456-tartipsizdikterden-zardap-sekken-kasipkerler-memleket-mulkin-zalga-alu-aqysyn-toleuden-bosatyldy/