Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында адам өлтіруге оқталды деген күдікпен кәсіпкер ұсталды

Опубликовано:

кісен11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақмола облысында жеке кәсіпкер адам өлтіруге оқталды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның мәліметінше, 29 қаңтарда Сандықтау аудандық полиция бөліміне фельдшерден қабылдау бөліміне оқ жарақатын алған 55 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғыны жеткізілгені туралы ақпарат түскен.

Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайы мен куәгерлерді анықтауға кіріскен. Кейінірек, полиция күдіктіні ұстаған. Ол бұрын сотталмаған 58 жастағы жеке кәсіпкер болып шықты.

Күдіктіден наган жүйесінің 1895 жылғы револьвері мен оған арналған патрондар тәркіленген. Басылымның хабарлауынша, күдікті мен жәбірленушінің жандалдасуына ішімдік ішу кезінде шыққан дау себеп болған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіруге оқталу), 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қару
Күдіктіден тәркіленген револьвер. Фото: polisia.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954461-aqmola-oblysynda-adam-oltiruge-oqtaldy-degen-kudikpen-kasipker-ustaldy/

pixel