Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда времянкадан ерлі-зайыпты мен екі баланың денесі табылды

Опубликовано:

Ауыл
Көрнекі фото: pixabay.com

Талдықорғанда времянкадан ерлі-зайыпты мен екі баланың денесі табылды. Қайғылы оқиға туралы Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 2 ақпанда Талдықорғандағы Еңбек ауылында жергілікті тұрғындар жеке үйдің ауласындағы времянкадан төрт адамның денесін тауып алған.

Олар - 1998 жылы туған ерлі-зайыптылар, сондай-ақ, 2018 және 2021 жылы туған екі бала.

Алдын ала болжам бойынша, марқұмдар денесін тауып алғанға дейін 2-3 күн бұрын көз жұмған.

"Өлім себебі анықталуда, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", - деп хабарлады Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкенттегі пәтерлердің бірінен үш адамның денесі табылған еді.

Алдын ала болжам бойынша, олардың өліміне улы газ себеп болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1954464-taldyqorganda-vremyankadan-erli-zaiypty-men-eki-balanyn-denesi-tabyldy/

pixel