Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көліктегі полиция қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін 72 қылмыстық іс қозғаған

Опубликовано:

Алматы әуежайына жасалған шабуыл
Алматы әуежайына жасалған шабуыл. Видеодан кадр: Көліктегі полиция департаменті

Көліктегі полиция қаңтардағы тәртіпсіздіктерге байланысты 72 қылмыстық істі тергеп жатыр. Көлік нысандарындағы тәртіпсіздіктерге қатысты қылмыстық істерді тергеу барысы туралы Көліктегі ПД басшысының орынбасары Сарықұл Жоланов айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолановтың сөзінше, қазіргі таңда митинг кезіндегі қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жаппай тәртіпсіздік бойынша көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері 72 қылмыстық істі тіркеген. Оның басым бөлігі ұрлау мен тонауға қатысты. Қылмыс жасады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына 14 адам қамалған.

Жолановтың хабарлауынша, 2022 жылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша көлік нысандарына келтірілген залалдың алдын ала сомасы 530 миллион теңгеден асады.

Көлік полицейлері күдіктілерден жалпы сомасы 24,5 миллион теңгеден астам ұрланған мүлікті, оның ішінде үш автокөлік, бес ұялы телефон, сондай-ақ ақша мен киім-кешек тәркілеген.

"Наразылық акциясы кезінде мемлекеттік маңызы бар нысандарға екі рет шабуыл жасалды. Бұл Алматы халықаралық әуежайы мен Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімі. Одан бөлек, әуежай ғимараты ішінде орналасқан сауда нысандарына да шабуыл жасалған", - дейді брифинг кезінде Сарықұл Жоланов.

Алматы әуежайына жасалған шабуыл
Алматы әуежайына жасалған шабуыл. Видеодан кадр: Көліктегі полиция департаменті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954469-koliktegi-policiya-qantardagy-tartipsizdikterden-keiin-72-qylmystyq-is-qozgagan/

pixel