Петербургтан Самарқандқа бет алған ұшақ Қызылордаға шұғыл қонды

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Санкт-Петербургтан Самарқандқа ұшқан ұшақ Қызылорда әуежайына шұғыл қонды. Бұл туралы Uzbekistan Airports Telegram каналында хабарлады.

Өзбекстан әуежайларының біртұтас атқарушы органының мәліметінше, Санкт-Петербург-Самарқанд бағыты бойынша AFL-2870 рейсін орындаған "Аэрофлот" әуе компаниясының ұшағы Қазақстанға шұғыл қонуға мәжбүр болған.

Бортында 56 жолаушысы бар әуе кемесі Қызылорда әуежайына қонған.

Бұған жүрегінде ақауы бар жолаушылардың бірі - Өзбекстан азаматшасына жедел медициналық көмек қажет болуы себеп болған.

Сол себепті экипаж жақын маңдағы әуежайға қону туралы шешім қабылдаған. Содан кейін әйелді жедел жәрдем көлігі алып кеткен. Өзбекстандық әйел ауруханаға жатқызылған.

Ұшақ 55 жолаушымен әрі қарай ұшып, Самарқанд әуежайына Ташкент уақыты бойынша сағат 12.20-да қонған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954477-peterburgtan-samarqandqa-bet-algan-usaq-qyzylordaga-sugyl-qondy/

jitsu gif