Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тергеу изоляторынан тағы 8 адам босатылды

Опубликовано:

тергеу изоляторы11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

3 ақпанда Алматыдағы тергеу изоляторынан тағы 8 адам босатылды. Бұл туралы "Аманат" қоғамдық комиссиясының мүшесі Уайс Ерсайынұлы Facebook парақшасында хабарлады.

"Бүгін Алматыдағы "СИ-18" тергеу изоляторынан тағы 8 адам босатылды... Осымен қазірге дейін барлығы 50 адам біздің "Аманат" комиссиясының араласуымен бостандыққа жіберілді. Тағы бір адам кешке дейін босатылатын болды", - деп жазды Уайс Ерсайынұлы.

Оның сөзінше, тағы 6 адамның құжаттарын шығаруға дайындап жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бас прокурордың аға көмекшісі Азамат Сарғазин елдегі жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 679 адам қамаудан босатылғанын айтқан еді.

Одан бөлек, 344 адамға салынған айыппұл ескертуге ауыстырылды. Тағы прокурорлардың жазаны жеңілдетуге және айыппұлды ескертуге ауыстыруға бағытталған 738 өтініші қаралуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954499-almatyda-tergeu-izolyatorynan-tagy-8-adam-bosatyldy/

pixel