Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синоптиктер еліміздің 7 өңірінде дауылдық есскерту жариялады

Опубликовано:

Қар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 4 ақпанда еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайты.

4 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі.

Шымкент қаласында да түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні облыстың батысында 18 м/с дейін жетуі мүмкін.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман сақталады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың солтүстігінде және орталығында күші 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде де тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында бұрқасын, оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Одан бөлек, оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Павлодар облысының шығысында тұман түсуі ықтимал.

4-5 ақпанда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұманды болады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында күші 15-20 м/с дейін, 5 ақпанда екпіні 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954502-sinoptikter-elimizdin-7-onirinde-dauyldyq-esskertu-zariyalady/

pixel