Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Қазақстанның тағы бір өңірі "жасыл" аймаққа өтті

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Жамбыл облысы "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа, ал Қызылорда облысы "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өтті, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналында.

4 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

  • "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
  • "сары" аймақта Шымкент қаласы мен Жамбыл, Маңғыстау облыстары;
  • "жасыл" аймақта Қызылорда, Түркістан облыстары тұр.

Айта кетсек, өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 6648 адам тіркелді. Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 260 407-ге жетіп отыр.

4 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір елімізде 120 059 науқас коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 10 095 пациент стационарда, 109 964 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

450 адамның жағдайы ауыр, 163 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда.

88 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954542-koronavirus-qazaqstannyn-tagy-bir-oniri-zasyl-aimaqqa-otti/

pixel